
SALE футбол телеграмм-арнасының мәлімдеуінше, Қазақстан құрамасы мен стамбулдық «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ӘЧ- 2026 іріктеуінің аясындағы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтарға қатыса алмайды.
Өкінішке қарай, ұлттық команданың көшбасшысы жарақатына байланысты маңызды ойындарда өнер көрсете алмайтын болып отыр.
«Өзі де соңына дейін үміттеніп еді. Бірақ оны бұрыннан мазалап келе жатқан жарақаты ойнатқызбады. Енді Баха Ыстамбұлға оралып, емін жалғастырады», - делінген телеграмм-арнасындағы жазбада.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов Стамбулдан ұшып келіп, құрама сапында қосымша медициналық тексеруден өткен болатын. Енді сол медициналық тексерістің нәтижелеріне сәйкес, футболшының алдағы екі ойынға қатыспауы жөніндегі шешім шыққан еді.
Қазақстан құрамасы 2026-жылғы ӘЧ-2026 іріктеу турнирін 22-наурыздан 23-наурызға қараған түні Кардиффте Уэльс құрамасына қарсы сырт алаңда бастайды. Содан кейін, 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні, Вадуцта Лихтенштейн құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET