Бахтиер Зайнутдиновтың жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Бүгін, 13:06

Мәскеулік "Динамоның" бас дәрігері Бахтиер Зайнутдиновтың қалыпқа келу процесі туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бахтиер Зайнутдиновтың жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Дәрігер Михаил Бутовский Қазақстандық қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі оқу-жаттығу жиындарындағы жағдайына және оның алаңға қашан оралатынына қатысты түсініктеме берді.

Дәрігердің айтуынша, негізгі команда ойыншыларының басым бөлігі толыққанды жаттығуға кіріскен, алайда бірнеше футболшыға әзірге ерекше күтім қажет. Зайнутдинов пен тағы бір ойыншы Ярослав Гладышев әзірге жеке бағдарлама бойынша жаттығуда.

"Бахтинр қазір жаттығу процесіне қайта бейімделуден өтіп жатыр. Оны ішінара жалпы топтағы жаттығуларға қостық. Бірақ әзірге жеке жаттығу процесін жалғастыру қажет екенін түсініп отырмыз." — деді маман.

Футболшының жаңа маусымның басталуына қарай толық дайын болу мүмкіндігіне қатысты Бутовский Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында былай деп жауап берді:

"Зайнутдинов маусымның басталуына қарай дайын бола ма? Біз оны әрдайым күтеміз. Осы маусымның басында да, тіпті өткен маусымның соңында да күттік. Оның функционалдық және физикалық дайындығы толық мүмкіндік беретін сәтті күтіп отырмыз."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×