"Ахмат" басшылығы "Спартактың" Максим Самородовқа қызығып отырғанын растады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Грозныйлық "Ахмат" клубының бас директоры Ахмед Айдамиров "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында Мәскеулік "Спартактың” Қазақстандық шабуылшы Максим Самородовқа қызығушылық танытып отырғанын ресми түрде мәлімдеді.
Бұған дейін журналист Иван Карпов "Спартак” Самородовқа қатысты ресми сұрау салғанын және Грозныйлық клуб оның бағасын 10 миллион еуро көлемінде белгілегенін хабарлаған еді. Алайда Ахмед Айдамиров нақты баға туралы келіссөздер болмағанын айтты:
"Тек "Спартак" қана емес, көптеген клубтар қызығушылық танытты. Трансферге қойылған ойыншылар тізімінде оның аты жоқ. Бірақ клуб пен футболшының көңілінен шығатын ұсыныс түсіп жатса, біз оны қарастырамыз. Бізден бірнеше клуб сұрады, алайда бұл құны талқыланбаған, тек "ауысуы мүмкін бе?" деген сауал төңірегіндегі әңгіме болды. Біз "мүмкін" деп жауап бердік. Бар болғаны осы.” — деді клубтың бас директоры.