Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» басшылығына жүгінді

12.06.2025, 21:58

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов ыстамбұлдық «Бешікташ» клубының басшылығына ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысуға рұқсат беру туралы өтініш білдірді.

Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» басшылығына жүгінді

Turkiye Gazetesi басылымының мәліметінше, «Динамо» клубы Зайнутдиновпен жеке келісімге келген және қазіргі таңда трансфер құны бойынша келіссөздер жүргізілуде. 27 жастағы футболшы тұрақты ойын тәжірибесіне қол жеткізгісі келетінін алға тартуда. Айта кетейік, оның «Бешікташпен» арадағы келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Өткен маусымда Зайнутдинов түрік клубы сапында 12 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 3,3 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×