
Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйне ресми түрде «Наполи» футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы ойыншы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
— «Мен осындамын», — деп жазды Де Брёйне X (бұрынғы Twitter) желісінде, жазбасын жанкүйерлер мен журналистердің оны қарсы алған сәтінен түсірілген суреттермен толықтырды.
БАҚ мәліметінше, 33 жастағы футболшы италиялық клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойған. Ол жыл сайын 5 миллион еуро көлемінде жалақы алатын болады.
Біздің серіктес: FONBET