
«Қайсардан» жазғы трансферде бірнеше футболшы кететін болып жатыр.
Біраз БАҚ Айбар Жақсылықов, Айбол Әбікен бастаған көшбасшы ойыншылар команда ауыстыруы ықтимал деген ақпарат таратқан. Ал мұның барлығы қаржылық қиындықтарға байланысты делінген.
«Қазіргі кезде Айбар Жақсылықов, Думан Нәрзілдаев, Айбол Әбікен, Қуаныш Қалмұратов секілді ойыншыларға өзге клубтардан ұсыныс түскен. Футболшылар ойланып, кейбіреуі кетуге шешім қабылдаған. Өйткені, ойыншыларға клуб басшылығы маусым басында уәде еткен сыйақыларын бере алмай жатыр», - делінген «1БОЛ!» сайтында.
Естеріңізде болса, Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қызылордалық жанкүйерлермен кездесуде клуб құрамын күшейтетінін жеткізген. Шенеунік «Қайсарға» отандық үздік футболшыларды тартамыз деп уәде берген болатын. Биылдан тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетіп жатқан қызылордалық ұжым 12 турдан кейін 12 ұпаймен тоғызыншы сатыда келеді.
Біздің серіктес: FONBET