
Неймар да Силва «Сантос» клубында доп тебетін Неймардың болашағына қатысты пікір білдірді.
— Оның «Сантоста» қалу ықтималдығы жоғары. Мен осы бағытта жұмыс істеп жатырмын. Бұл басқа клубтардың ұсыныстарын тыңдауға кедергі емес. Нарықта қызығушылық барын байқап отырмын. Осы аптада Майамиге барып, бірқатар клубтармен келіссөз жүргіземіз. Олардың пікірін тыңдап, не істеу керегін шешеміз, — деді Неймар да Силва.
— Иә, Неймарға қызығушылық танытып отырған еуропалық клубтар бар. Олардың кейбірі Чемпиондар лигасында ойнайды. Олар оның жоғары деңгейде маусым өткізе алатынын біледі. Бірақ Бразилия нарығы да біз үшін қызықты, — деп толықтырды ол.
Айта кетейік, 33 жастағы Неймар биылғы маусымда барлық турнирде 14 матчқа қатысып, 3 гол және 3 нәтижелі пас авторы атанған.
Біздің серіктес: FONBET