Балажиц «Партизанға» ауысуға жақын

28.01.2015, 16:05
Балажиц «Партизанға» ауысуға жақын
Осыдан бірнеше күн бұрын «Ақтөбенің» жейдесін киеді деп хабарланған Грегор Балажиц сербиялық «Партизан» клубына ауысуы ықтимал. Қорғаушының мансабын қайда жалғастыратыны жақын арада анықталады. Бірақ словениялық ойыншы «Ақтөбеге» байқауға келуден бас тартыпты. Демек биылғы маусымды «Партизанның» жейдесімен бастауы әбден мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Грегор Балажиц украиналық «Карпатымен» келісім-шарты аяқталған соң, клубта қалмай, басқа командаға ауысуға бел буған болатын.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×