Боян Кркич үшін маусым аяқталды

28.01.2015, 15:57
Боян Кркич үшін маусым аяқталды
Англиялық «Сток Ситидің» испан шабуылшысы Боян Кркич тізесін жарақаттап алуына байланысты маусымның соңына дейін командасына көмектесе алмайды. Кркич «Рочдейлге» қарсы ел кубогының матчында жарақаттанып, бірінші таймнан соң алаңды тастап кетті. «Біздің көңіліміз қатты түсіп кетті, ал ойыншының өзі, тіпті, күйзеліп жүр. Себебі ол өзін премьер-лигада көрсете алды, футболдан ләззат алатын жігіт. Оның тез жазылып кетуіне тілектеспіз», - деді «Сток Ситидің» бас бапкері Марк Хьюз. Бүгінде «Сток Сити» Премьер-лигада 22 матчтан соң 29 ұпай жинап, турнир кестесінің 10-шы сатысында келе жатыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×