Моуриньо: «Егер мен бірнәрсе десем, адамдар «Тағы да Моуриньо!» деп шыға келеді»

28.01.2015, 15:49
Моуриньо: «Егер мен бірнәрсе десем, адамдар «Тағы да Моуриньо!» деп шыға келеді»
«Челсидің» бас бапкері Жозе Моуриньо Лига кубогының жартылай финалындағы «Ливерпульге» қарсы ойын туралы пікірін айтты. «Бұл жаңа «Ливерпуль» - оңай қарсылас емес, сондықтан екі матчтың қорытындысы бойынша осындай мықты команданы ұтқанымыз үшін бақыттымын. Шешуші гол матчтың негізгі уақытында соғылуы керек еді. Екінші таймда біз футболды көбірек ойнадық. Менің Рамиресім оралды, бұл – осы күннің екінші жақсы жаңалығы. Біріншісі – біздің финалға шыққанымыз. Енді бір апталық жаттығудан соң Рамирес тағы да ортамызда», - деді португалиялық маман. Сондай-ақ, ол Шкртелдің Костаға қарсы ойын тәрбітін бұзған сәті туралы ештеңе айта алмады: «Шкртелдің Диего Костаға қарсы фолы пенальтиге тұра ма? Егер мен сізге бірнәрсе десем, адамдар «Тағы да Моуриньо!» деп шыға келеді. Егер осы тақырыпты көтерер болсам, қауымдастық әдеттегідей мені тағы да жазалайды. Немесе солай жасағысы келеді. Сондықтан бұл туралы өзіңіз айтыңыз. Ең бастысы – біз жеңіске жеттік». Естеріңізге сала кетсек, «Челси» Лига кубогының жартылай финалында «Ливерпульден» айласын асырып, финалға жолдама алды.   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×