Ал өз кезегінде Марио Балотелли "А сериясын ешқашан да сағынған емеспін", деді. "Италиядағы өмірім артта қалды. Италиядағы футбол Англиядағыдан өте төмен. Онда маған ұнамаған нәрсе ол - журналистер. Менің алаңдағы өнерімнен көрі олар көбінесе өмірімдегі жаңалықтарды көбірек жазды. Оның өзінің біразы шындыққа сай емес. Мені біреулер есінен ауысқан деп айтады. Ол да өтірік. Мен бар болғаны Англиядағы керемет өмірмен рахаттанып жүрмін. Алаңға да көбірек шығып жүрмін. Бұл мен үшін нағыз керек нәрсе" деп бар сырын ашық айтты.
Біздің серіктес: FONBET