Бүгін Украинамен ойнаймыз

10.11.2011, 19:39
Бүгін Украинамен ойнаймыз
Бүгін футболдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «Еуро – 2012» іріктеу кезеңінің бірінші іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан құрамасы Македонияның Струмнице қаласында бүгін украиндық құрдастарымен кездеседі. Оқу-жаттығу жиынын Алматы қаласының маңындағы ұлттық құрама базасында өткізген жасөспірімдеріміз Струмницеде Украина, Швейцария және Македония құрамаларымен бірге 6-топқа түскен болатын. Алғашқы ойындарын жерлестеріміз бүгін украиндықтарға қарсы өткізсе, сенбі күні екінші кездесуінде Швейцария құрамасымен кездесіп, қараша­ның 15-і күні алаңға турнир қожайындарына қарсы шығады. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы, серб маманы Слобадан Крчмаревич пен оның көмекшісі Қанат Мұсатаев бұл турнирге 19 футболшыны іріктепті. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің бірінші шағын турнирінде командалар барлығы 12 топқа бөлінген. Әр топтың екі үздік командасы және үшінші орын алғандардың ішіндегі ең жақсы көрсеткішке ие бір ұжымы келесі жылы көктемде өтетін негізгі кезеңге жолдама алады. Ал финалдық сын 2012 жылы шілденің 3-і мен 15-і аралығында Эстонияда өтеді. Македонияға аттанған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы: Қақпашылар: Римас Мартинкус («Астана»), Михаил Голубничий («Ертіс»), Станислав Павлов («Восток»); Қорғаушылар: Нұржарық Күнов («Сұңқар»), Ренат Баянов («Ертіс»), Жандос Қазыбеков («Ақ бұлақ»), Исламбек Қуат («Оқжетпес»), Дмитрий Шмидт («Восток»), Мұрат Ысқақов («Қайсар»); Жартылай қорғаушылар: Қасымхан Таласбаев («Цесна»), Еркебұлан Нұрғалиев («Спартак»), Рүстем Қуанышев («Ертіс»), Алтынбек Дәулетханов («Оқжетпес»), Эльвин Аллаяров («Екібастұз»); Шабуылшылар: Станислав Лунин («Восток»), Никита Утробин, Георгий Макаев (екеуі де – «Цесна»), Виталий Ли, Тоқтар Жаңғылышбай (екеуі де — «Шахтер»).

Автор: Нұрлан Асқарұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×