Балоттели Мессимен қатар тұратын ойыншы

10.11.2011, 06:50
Балоттели Мессимен қатар тұратын ойыншы
"МС" бапкері Роберто Манчини "Марио Балоттели Мессимен қатар тұратын әлемдік деңгейдің ойыншысы деп баға берді. Криштиану Роналду, Месси секілді ойыншылардан Болотеллидің еш кемшілігі жоқ" деп батыл мәлімдеме жасады.

Ал өз кезегінде Марио Балотелли "А сериясын ешқашан да сағынған емеспін", деді. "Италиядағы өмірім артта қалды. Италиядағы футбол Англиядағыдан өте төмен. Онда маған ұнамаған нәрсе ол - журналистер. Менің алаңдағы өнерімнен көрі олар көбінесе өмірімдегі жаңалықтарды көбірек жазды. Оның өзінің біразы шындыққа сай емес. Мені біреулер есінен ауысқан деп айтады. Ол да өтірік. Мен бар болғаны Англиядағы керемет өмірмен рахаттанып жүрмін. Алаңға да көбірек шығып жүрмін. Бұл мен үшін нағыз керек нәрсе" деп бар сырын ашық айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×