Қасиетті жұма күні Польша және Украина жерінде футболдан Еуропа кубогы басталмақ. Бұл дүбірлі доп додасын Қазақстандағы жанкүйер қауым да көптен бері күткен болатын. 14-рет өткелі отырған дүбірлі доп додасы 8-маусым мен 1-шілде аралығында көпшілікті көк жәшікке телміртіп, сиқыры мол спорттың қызығына қанықтырмақ. Ал біз өз кезегімізде осы чемпионаттан не күтетінімізді, әрі қандай командалардың бабы мен бағы шабуы мүмкін деген сауалға ойлана кетсек.
Ермұхамед МӘУЛЕН
«А» тобы Ашылу салтанаты болған ойында осы топтағы көп мәселенің беті ашылуы ықтимал. Себебі, алаң иелері Польша құрамасы гректермен күш сынаспақ. Дортмундтың «Боруссиясын» чемпион атануына көп еңбектері сіңген Якуб Блащиковский мен Мариуш Левандовскилер Польшаны алға сүйрейтіні белгілі. Поляктардың басты артықшылары осы екі ойыншы десек қаталеспейміз. Бір ұжымда өнер көрсететін екі ойыншы алаңда бір-бірін керемет сезіне біледі. Ал гректердің қатарында жаңадан шыққан жас толқындардан ешкімді айта алмаймыз. Дегенмен тәжірибиелі ойыншылар жеткілікті. Қатарында Еуропаның чемпиондары бар бұл ұжымның да топтағы екінші орынға таласуы әбден ықтимал. Сондай-ақ, осы топтың фаворитттеріне де тоқтала кетсек. Ресей командасы жолдастық кездесуде Италияны оңдырмай ұтты. Дайындығы да жаман емес. Бірақ, негізгі құрамның ойыншылары Аршавин, Павлюченко, Дзагоевтар бұрынғы мықты спорттық баптарынан айырылғандар. Осы доданың ашылуы болып, жарқ етуі ықтимал деген Алан Дзагоев қана. Біздің ойымызша бұл ойыншының соңғы кезде көрсетіп жүрген өнері артылған сенімді ақтамайтындай деңгейде. Чехия құрамасында ең басты артықшылық қақпада. Биылғы Чемпиондар лигасында ерлігімен көзге түскен Петр Чех «Челси» қақпасын қалай қорғаса, ұлттық құрама үшін де бар білігін көрсетеді деп күтеміз. Қорғаныс арқылы өнер көрсетер болса, Чехияның да топтан шығуға деген керемет мүмкіндігі бар. «В» тобы Осы топтағы жағдайға баға беру үшін футбол мамандарынан гөрі сегізаяқ Пауль мен Перудағы Лама жақсы болжам жасауы мүмкін. Себебі, Германия, Голландия, Португалия, Дания секілді ұжымдардың ішінде кімнің мықты екенін анықтау оңай шаруа емес. Десе де, Дания құрамасы бұл командалар арасындағы ең осалы. Демек, даниялықтар топта төртінші болуы әбден ықтимал. Ал алғашқы екі орынды кім алуы ықтимал. Голландия мен Германия жайында әңгіме қозғауды реті жоқ. Бұл командалар қатарларына кіл мықты деген аяқдопшыларын алып отыр. Қатарынан жұлдыз ойыншылармен толыққан осы екі ұжым алғашқы екі орынды өзара бөлісіп, келесі кезеңге шығуы ықтимал. Ал жолдастық кездесулерде жеңіске жетпеген португалиялықтарға деген сенім аздау. Криштиану Роналду өз күшіне сеніп, құрамасын алға сүйрегенімен жалғыз қаһарманның ерлігі мұнда аздық етуі мүмкін. «С» тобы Екі ірі жеңіске қатарынан жеткен Испания үшінші жорығына аттанбақ. Айта кетерлігі қатарынан Еуроны екі рет жеңген команда әлі футбол тарихында тіркелмеген. «Қызыл фурияларға» бұл жолы да осы ерлігін қайталау қиынға соғатын шығар. Өйткені, соңғы маусымдарда жеңіліс көрмей келген «Барселона» осы маусымда жеңіліске көбірек ұшырады. «Барсаның» Испания құрамасының негізін құрайтынын баршаңыз білесіздер. Ал кәрі құрлықта осы команданың ойнына қарсы тактиканы қалай құру керек екенін білетін бапкерлер пайда бола бастады. Оның үстіне биыл шабуыл өтінде Давид Вилья жоқ болса, қорғаныста капитан Пуйоль жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Осындай түрлі жағдайларға қарап испаниялықтардың биылғы сәтті өнер көрсетулеріне сену қиын. Ал дель Боске шәкірттеріне қарсы тұратындар Пранделли бастаған Италия құрамасы. Италиялықтардың қатарында бұрынғыдай команданы сүйрейтін тұлға жоқ екенін айтуымыз керек. Тек жастар арасында Ночериноның бар екендігі ғана «скуадра адзурра» жанкүйерлерінің көңіліне медеу сыйлайды. Бірақ, Италиялықтар осындай турнирлердің шебері. Олар әрқашан финалдық кезеңдердің фавориті болып санала бермек. Пранделлидің отандасы Траппатони Ирландия құрамасын турнирге сақадай сай әкеліп отыр. Ортаңқол ойыншылар жиналғанымен, бір деңгейлес аяқдопшылар бір-бірін керемет түсінісе алады. Себебі, олардың дені ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетеді. Өте қызуқанды, шабуылдағанды жақсы көретін Ирландия құрамасы жанкүйерлердің «жақсы көретін» ұжымы болып саналады. Сондықтан да, осы команда келесі кезеңге өтіп жатса таңқалудың керегі жоқ. Хорватия құрамасында лидер саналатын Лука Модрич жарақат алып, біріншілік басталар алдында ғана жазылып бітті. Дегенмен де сырқаттың сындарлы сәтте сыр беретіні де бар емес пе? Шабуылшы Олич те бұрынғы қалпын жоғалтқан. Славен Билич шәкірттеріне керекті көмекті бере алмаса, өткен жолғы нәтижені қайталап ширек финалға жету мүмкін болмай қалуы да ғажап емес. «D» тобы Англия құрама командасы осы жолы біраз жерге жетуі ықтимал. Команда бас бапкері болып тағайындалған Рой Ходжсонда құраманы дайындауға көп уақыттта болған жоқ. Дегенмен, жастардың санын көбейткен Ходжсонның өз ойлағаны бар. «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсетіп жүрген Эшли Янг, Денни Уэлбек, Уэйн Руни – Англия құрама командасының негізгі шабуыл өте ретінде саналады. Үйлесімділік, түсіністік дегеннің не екенін жақсы білетін Ходжсон құрамаға негізінен манчестерлік қос команданың өкілдерімен қоса лондондық «Челси», «Арсенал», «Тоттенхэм» командаларының ойыншыларын алып отыр. Дегенмен ағылшындарды жарақат деген жалмауыз жалмап кетті. Негізгі құрамның бірнеше ойыншысы осыған байланысты алаңға шыға алмайды. Футбол әлеміне өзін жаңа жұлдыз ретінде көрсетуі ықтимал деген жастардың ішінде «Арсенал» жартылай қорғаушысы Алекс Окслейд-Чемберленнің бар екендігін айта кеткіміз келеді. Франция командасын Лоран Блан баптағалы бері іс оңға баса бастады. Рибери мен Бенземаны алға қойған Блан Доменек жасаған қателіктерді қайталамауды көздейді. Француздар алғашқы кездесуді ағылшындарға қарсы өткізеді. УЕФА-ның заңнамасы бойынша топ ішіндегі алғашқы екі кездесуде Англия командасында сұрмерген шабуылшы Уэйн Руни алаңға шықпайды. Ол өткен жылы іріктеу кезеңінде өрескел тәртіп бұзған болатын. Бұл жағдай Олран Блан командасы үшін өз пайдасын тигізуі мүмкін. Руни ең соңғы ойын Украинаға қарсы ойында алңға шығады деп күтілуде. Алаң иелері осы топтағы осал команда болып саналады. Андрей Шевченко мен Анатолий Тимощуктер кезінде жасындай жарқылдаған еді. Бірақ, 2006-жылдан бері бақандай алты жыл өтіп кеткен. Тәжірибенің қаншалықты көмекке келерін кім білсін? «D» тобындағы үшінші орынды Швеция командасы алуы ықтимал. Златан Ибрагимовичке үлкен сенім артылғанымен, адуынды ағылшындарға төтеп беру қиындау. Мортен Олсен командасының шамасы тек сол жастардан жасақталған француздарға жетсе де жаман болмас еді.
Айта кетерлік ақпарат
Қазақстандық жанкүйерлер Еуро-2012 ойындарын «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Еуразия» арналарынан көре алады. Әр күн сайын болатын кездесулердің алғашқысы Астана уақытымен 21:15-те басталса, екінші ойын 00:25-те эфирге шықпақ. Англия құрама командасында тағы бір жағымсыз жаңалық. Қорғаушы Гэрри Кэхил Бельгияға қарсы өткен жолдастық кездесуде жағын сындырып алыпты. Енді оның орнына «Ливерпуль» қорғаушысы Мартин Келли келмек. Осының алдында ғана жартылай қорғаушы Фрэнк Лэмпард та аяқ астынан жарақат алып, ұлттық құрамадан кетуге мәжбүр болған. Оның орнына тағы бір «Ливерпуль» ойыншысы Джордан Хендерсон құрамаға шұғыл түрде шақырту алған болатын. «Челсимен» чемпиондар лигасын жеңген екі ойыншы енді Англия сапында Еурода өнер көрсете алмайды.Біздің серіктес: FONBET