Әйгілі бразилиялық футболшы Роберто Карлос өзін бапкерлік қызметте сынап көрмек. Махачкаланың “Анжи” командасында спорт директоры болып қызмет атқарған танымал шебер енді түркияның “Сиваспор” командасын жаттықтырады. Ресейге 2011-ші жылы қоныс аударған бразилиялық былтыр наурызда басшылық қызметке тағайындалған болатын. Ал Түркия Роберто Карлосқа жат емес. Ол “Фенербахчеде” 2 жыл өнер көрсеткен. “Сиваспор” жақын уақытта әйгілі қорғаушыны көпшілікке ресми түрде таныстырады. Әзірге келісім шарт талаптары белгісіз.
Біздің серіктес: FONBET