Бапкерлер бәсінде кім мықты?

26.11.2012, 16:18
Бапкерлер бәсінде кім мықты?

Кезекті ел біріншілігінің және ҚР Кубок ойындары жақында ғана аяқталғанмен, оның нәтижелерін жанкүйерлер мен мамандар осы уақытқа дейін қорытындылап қойған секілді. Өткен маусымның қаһармандары мен жолы болмағандарды, мықты командалар мен үздік ойыншыларды клубтарымыздың көбісі анықтап қойған. Біздің ойымызша, үстіміздегі жылдың қазақстандық командалардың бапкерлерінің де жұмысын сараптау кезегі келді. Сонымен, Қазақстан премьер лигасында қандай мамандар біршама табыстырақ болды? Сіздердің алдарыңызға өткен маусымның үздік «коучтардың» тізім нұсқасын ұсынамыз.

Виктор Кумыков («Шахтер»)

Өткен жылы Виктор Балютұлы алтын «камбэк» жасады. Ұзақ үзілістен кейін Қазақстанға орала салысымен ресейлік маман басқаруындағы қарағандылық «Шахтерды» біріншілікте айқын жеңіске алып келді. 2011-ші жылы көбісінің ойы мынадай болатын: «Кумыков «кеншілерге» тым қарапайым ойын стилін сіндіруде, осындай ойын тәсілімен қарағандылық команда өзінің чемпиондық атағын қорғап қалауы екі талай. Алайда, 2012 маусымында «кеншілердің» басалқышы  «Шахтермен» бірге екінші «алтынды» қанжығаға салып, қарағандылықтардың былтырғы жетістігі кездейсоқ еместігін дәледеп, скептиктарды масқаралады.

Нәтижесінде қарағандылық команданың ойын өрнегі бастапқыда көрінгедей сондай бір жеңіл емес болып шықты. 2012-ҚПЛда Кумыков оны барынша жетілдіріп, түрлендірді. Өткен біріншілікте «кеншілер» өздерінің еншілерін тек қана «физика» мен стандарттардың арқасында ғана емес, допты бақылап, оны қарсыластың қақпасына шұғыл жеткізу шеберлігімен де алған болатын. Бәрінен бұрын «Шахтердың» басалқышы нақты қарсыласты таңдай отыра тактиканы епті түрлендіре білді. «Шахтердың бақталастарын Виктор Балютұлы әдетінше  айқын зерттейтін. Қарағандылық клубтың жетекшілігінде көп және жемісті жұмыс жасай отыра, Кумыков өзінің шәкірттерін жаттығуларда барынша күш жұмсап, тер төгуге мәжбүр ететін. Ресейлік «коучтың» жұмысының қорытындысы ақыр соңында «кеншілердің» былтырғы жылдан салыстырғанда жақсарысы мен олардың екінші мәрте чемпион болуы.

  Талғат Байсуфинов («Ертіс») 2010 маусымының алдында «Ертіс» басына келген Талғат Маруанович, сол жылы-ақ командамен біріншіліктің қола медальдарын олжалаған болатын. Өткен жыл павлодарлықтар үшін сондайлық табысты болған жоқ – онда «ертістіктер» ҚПЛда тек 5-ші болып мәрені аяқтаған болатын. Биылғы өткен біріншілікте павлодарлықтар барлығына белгілідей күміс медальдарға қол жеткізді. Павлодарлық команда үшін бұл 2004-ші жылдан бері жақсы нәтиже.

2012 футбол маусымының барысында Талғат Маруанович «Ертісті» тастап кетуі мүмкін деген жалған қауесет бірнеше рет пайда болған. Бұл сәтте Байсуфиновтың сыншылары «ертістіктердің» биыл соқыр тәуекелге ұшыраған футболымен алысқа бара қоймайтындығын айтқан. Алайда бапкер бұл сындарға зерін салмады. Ол өзіне ұнайтын жұмысын жалғастыра берді. Қорытындысында екінші орынға дейін еңбек теніп кетті. Соқыр тәуекелге ұшыраған футболға келер болсақ, павлодарлықтардың жарқын, комбинациялы ойнында бірдеңе іздеудің қажеті қанша? «Ертістің» жағдайында бұл ойындары жанкүйерлеріне ұнаумен қатар нәтиже береді. Ал жаттықтырушы Талғат Байсуфиновтың, соңғы жылдардың табысты отандық мамандардың бірі ретінде, тек қалауы алдағы маусымда сәттілік тілегі.

  Владимир Мұханов («Ақтөбе»)

Владимир Мұханов басшылығының астында өнер көрсеткен «Ақтөбеге» соңғы маусым жалпы алғанда бір қатарлы емес болып шықты.  Ел біріншілігінде сәтсіз бастаған ақтөбеліктер алғашқы айналымнан кейін турнирлік кестенің ортасына жайғасқан болатын. Алайда чемпионаттың екінші жартысында ақтөбелік клуб ойын жағынан да, нәтиже жағынан да қайтадан үздіктердің қатарынан көрінді. Істің мән жайы Владимир Мұхановтың өте тығыз уақытта «Ақтөбеде» жаңа команда құруы. Мейлі, бірінші айналымдағы ұпай  жоғалту салдарынан ақтөбеліктер чемпиондыққа таласқа түсе алмады, әйткенмен ҚПЛда «қоламен» иеленді. Сонымен қатар, Владимир Мұханов шәкірттері дәстүр бойынша өзге отандық клубтарға қарағанда еврокубоктарда алысырақ аяқ басты. Еуропа Лигасында, еске сала кетейік, батыстық команда үшінші квалификациялық раундқа шыққан болатын. Онда да бельгиялық «Генкке» тартысты күресте жол беріп койды. Не себепті белгісіз, кейбіреулер тіпті ақтөбеліктерді өздерінің бельгиялық әріптестерінен басым боларына күмән келтірмеді. Дегенмен, айып етпеңіз, құрамында Кристиан Бентеке мен Йелле Воссен секілді мықты ойыншылары бар командаға қарсы ойнау – біздің отандық клубтар үшін әлі күрделі міндет.

Владимир Мұхановтың «Ақтөбедегі» биылғы жылдың жұмысын қорытындылай келсек, ресейлік маманның ақтөбеліктерге фавориттер қатарынан шықпауына жол бермеуін ескерейік. Қиын сәтте тәжірибелі бапкер еліміздің төрт дүркін чемпиондарына, өзіңің командасының қауіпті ойын күйзелісіне ұшырамауын қадағалап, шәкірттеріне жаңа ойын деңгейіне шығу амалын тапты. Мұқанов жоғары квалификациясын кезекті рет дәлелдеп шықты.

  Любомир Петрович («Тараз»)

Атақты серб бізде тек маусымның басынан бері жұмыс істейді. Соңғы жылдары аса керемет ойнымен көзге түспей жүрген «Таразды» ҚПЛ-2012 маусым ашар басында қолына алған болатын. Любко Петрович келе салып тараздық ұжымды биік орындарға үміткерлер қатарына қоса алды. Серб маманының қол астында өнер көрсеткен оңтүстіктік клуб ҚПЛ-2012 жүлдегерлер арасында әбден табылуы мүмкін еді. Нәтижесінде «Тараз» ұлттық біріншілікте төртінші болып, сый тұғырына бір қадам жетпес жерде табан тіреді.

Любко Петрович «Тараз» командасының барлық ойыншыларымен – жергілікті жастардан бастап және тәжірибелі легионерлермен аяқтап, әжептәуір тез жақсы қарым-қатынас орната алды. Серб бапкерінің қатаң ескертулерін тыңдаған «Тараз» ойыншылары ойын сайын озықтана түсті. Шәкірттерінің ойынын сауатты ұйымдастыра білген Петрович, өзінің аяқ доп шеберлерін қазіргі таңда ойналатын схемаларының ұстануына және де жоқтан барды жасауға үйретті. Егер серб маманы қарқынды жұмысын жалғастыратын болса, тараздықтардың ары қарай ілгерлене түсетіндіктеріне күмәніңіз болмасын. Бұл қатыста алдағы жылы киелі оңтүстік жерінен шыққан команданың әдемі ойын өрнегін көрсетуі басты назарымызда болмақ. Жаңа 2013 маусымында «Тараз» футболисттері Қазақстан Премьер-Лигасындағы басты сыйлықтардан дәмелі болуы әбден ықтимал.

Мирослав Беранек («Астана») Чех маманының астаналық командадағы жұмысына тоқтала кететінімізді бірден айта кетейік. Беранектің тағы ұлттық құраманың бапкері екендігін біз бүгін есімізге түсірмейміз. Біріншіден, чехтың ұлттық құрамындағы жұмысы жайлы бұған дейін талай сөз қозғалған. Және мақаламыздың тақырыбы да ұлттық құрама жаттықтырушылары емес, ең ырысты клуб бапкерлері туралы.

Біздің құрастырылған таңдаулы бапкерлеріміздің тізімімізге «Астананың» «коучы» әбден лайық кірді. Ұжымымен бірлесіп ҚР Кубогының иегері атанды. Биылғы жылы астаналықтармен Беранек жемісті жұмыс жасады десек те жарасады. Егер естеріңізде болса, чех басалқышы тренерлік мінбені Олег Протасов тастап кеткеннен кейін ғана «Астананы» біріншілктің барысында ғана жетекшілікке алды. Астаналық жасақты ұлттық құрама бапкері аса жақсы әсер қалдыра қоймайтын  күйінде қабылдап алды. Беранектің қолдауымен астаналықтар ұзақ ұтылыссыз келе жатып, жағдайларын чемпионатта әлдеқайда жақсартып алды. Дегенмен, ҚПЛ жүлдегерлерінің арасына қосылмауына, мәре сызығын кесер алдында бірдеңе жетіспей қалды. Алайда Республиканың екінші маңыздылығы кем емес турнирынде мерейі үстем болған елордадан шыққан клуб, Еуропа Лигасына жолдамасының иегері атанды.

Қорытындысында, астаналықтардың еуропа аренасында қалай өнер көрсететіндіктерін бақылаумызға аламыз. Еуропаның айтулы турнирлерінің бірі болып саналатын жарыста, мақтауға тұрарлық футбол көрсету үшін, елордалық ұжымға, еш күмәнсіз, ойынында талай дүние қосу керек. Бұл мағынада жаңа ғана болған ұлттық Кубок иегерлеріне, Мирослав Беранек бастаған командаға әлі талай жұмыс істеуі қажет.

  Владимир Никитенко («Қайсар»)

Владимир Никитенко туралы мақаламызда айтып кету жөн деп санадық. Соңғы өткен біріншілікте Владимир Андрейұлы кезекті рет өзінің жаттықтырушылық әдеттен тыс қабілеттерін көрсетті. «Қайсарға» «өрт сөндіруші» ретінде келген тәжірибелі қазақстандық бапкер, Премьер-Лиганың қауіпті аймағынан құтқарумен қатар, «қызыл қасқырлардың» қорытынды кестеде 9-шы орынға жайғасуына көмектесті.

Владимир Никитенко қызылордалық команданы 7-ші турдың алдында қамқорлығына алған болатын. Сол ойында сыр елінің футболшылары өз алаңында күш-қуаты мол «Ертісті» қабылдады. Жаңа жаттықтырушының жетекшілігінде «қызыл қасқырлар» күтпеген жерден болашақ күміс финалисттерді 2-0 есебімен жеңіп шықты. Алдағы уақытта отандық маманның шәкірттері талай тосын сыйларымен қуантқан болатын. Қызылордадағы ҚПЛ-2012  чемпионы қарағандылық «Шахтерды» 1-0 есебімен жеңіске жеткен «Қайсардың» ойынын есімізге түсірсек жеткілікті. Владимир Андреевич жетекшілік ісін сәл ерте өз қолына алғанда, бәлкім «қызылордалықтар» Премьер-Лигадағы жоғары орындарға бәсекеге түсер ме еді.

Сөйтіп, Никитенко биыл «Қайсарда» ойыны көз тартар, сүйкімді ұжымды құра алды. 55 жасар елімізден шыққан маман қол жеткізген жерде қалайда тоқтамай, келешекте командасының нәтижелерін жақсарта түсетін шығар. Оның бұған күші жетер сияқты көрінеді.

 

Сымбат Көпберген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×