Мәскеулік ЦСКА Ресей Премьер-лигасының жетінші турында «Ростовпен» тең ойнады (0:0).
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА-ның негізгі құрамында шығып, сол қапталдағы орталық қорғаушы позициясында толық ойын өткізді.
SofaScore порталының мәліметінше, қазақстандық футболшы өз командасының үздігі, сондай-ақ «Ростовтың» жартылай қорғаушысы Даниил Уткиннен кейінгі кездесудің үздік ойыншысы атанды.
89-минутта Зайнутдинов жарақат алып қалды, бірақ басын таңып алып, ойынды әрі қарай жалғастырды.
Жеті турда 14 ұпай жинаған ЦСКА РПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET