ПСЖ «Наполи» футболшысымен толығады

29.08.2022, 18:30
Испаниялық жартылай қорғаушы Андер Эррераның орнына келді.
ПСЖ «Наполи» футболшысымен толығады

«Пари Сен-Жермен» «Наполидің» жартылай қорғаушысы Фабиан Руисті қатарына қоспақ.

Le Parisien басылымның хабарлауынша, париждік клуб Испания құрамасының ойыншысы үшін 25 миллион еуро төлейді. Тараптар арасындағы келісім-шарт бес жылға жасалады.

Руис бірнеше күн бұрын «Атлетикке» жалдау шарты бойынша ауысқан Андер Эррераның орнын басады.

26 жастағы Фабиан - «Бетис» клубының түлегі. Испаниялық футболшы 2018 жылы «Наполиге» ауысып, содан бері 166 матчта 22 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Тараптар арасындағы келісім-шарттың аяқталуына небәрі бір жыл қалған еді.

Руис өткен маусымда «Наполи» сапында 38 ойынға қатысып, жеті гол мен бес голдық пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×