Эдинсон Кавани мансабын Испанияда жалғастырады

29.08.2022, 19:33
Футболшы жаңа командасымен екі жылдық келісім-шарт жасаспақ.
Эдинсон Кавани мансабын Испанияда жалғастырады

Уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани «Валенсияға» қосылу туралы шешім қабылдады.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, 35 жастағы футболшы «жарқанаттармен» екі жылдық келісім-шартқа отырмақ. Каваниге «Реал Сосьедад» клубы да қызығушылық танытып, бір жылдық келісім-шарт ұсынған екен.

Каванидің соңғы клубы англиялық «Манчестер Юнайтед» болды. Эдинсонның «қызыл сойқандармен» келісім-шарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталды. Манкуниандық клуб сапында уругвайлық ойыншы 59 матчқа қатысып, 19 гол соқты, 7 нәтижелі пас берді. Бұған дейін шабуылшы ПСЖ, «Наполи» және «Палермо» командаларында да ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×