Бақтиер Зайнутдинов жарақат алып қалды

29.08.2022, 18:04
Футболшы жарақатына қарамастан толық ойын өткізді.
Бақтиер Зайнутдинов жарақат алып қалды

Мәскеулік ЦСКА Ресей Премьер-лигасының жетінші турында «Ростовпен» тең ойнады (0:0).

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА-ның негізгі құрамында шығып, сол қапталдағы орталық қорғаушы позициясында толық ойын өткізді.

SofaScore порталының мәліметінше, қазақстандық футболшы өз командасының үздігі, сондай-ақ «Ростовтың» жартылай қорғаушысы Даниил Уткиннен кейінгі кездесудің үздік ойыншысы атанды.

89-минутта Зайнутдинов жарақат алып қалды, бірақ басын таңып алып, ойынды әрі қарай жалғастырды.

Жеті турда 14 ұпай жинаған ЦСКА РПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×