БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР, БОЛЫҢДАР!.. Футбол жұлдыздарының сүйіктілері

06.03.2011, 20:30
БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР, БОЛЫҢДАР!.. Футбол жұлдыздарының сүйіктілері

Әдетте жанкүйер қауымға жұлдыз біткеннің жеке өмірі қызықты. Спорттан өз нәпақасын тауып, әлемге танылған талай үздіктердің жұбайларын білу әркімге қызық. Біз бүгін назарларыңызға әлем футболының жарық жұлдыздарының жұбайлары жайлы біраз “әу” дегенді жөн санап отырмыз.

Икер Касильястың құрбысы: Сара Карбонеро (30 қазан, 1984 жыл туған). Сара Испаниядағы белді телеарналардың бірінде тележүргізуші. Касильяс екеуінің махаббат құрғанына бір жылдан асты.

Франсеск Фарбегастың жары:Карла Кути. Испанияда дүниеге келген ару кәсіпқой гимнасшы

Давид Вильяның жары: Патриция Вилья. Давид пен Патрицияның жарасымды отбасында екі қыз өсіп келе жатыр.

Эрик Абидальдың жары: Хайет Абидаль. Білесіз бе, Хайеттің діні – мұсылман. Ал Эрик Абидаль Хайетке үйленер алдында мұсылман дінін қабылдаған. Бүгінде жарасымды отбасында Мелиана және Канелия есімді екі қыз өсіп келе жатқан жайы бар.

Златан Ибрагимовичтың жары: Хелен Сегер. Қос жұбай бүгінде екі ұлдың ата анасы.

Каканың жары: Каролин Сэлико. Каролин әлі университеттің студенті.

АЛ ЕНДІ ФОТОЖҰМБАҚ: ТӨМЕНДЕ БЕРІЛГЕН СУРЕТТЕГІ АРУ ҚАЙ ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗЫНЫҢ ҚҰРБЫСЫ.

Аламан.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×