"Тараз-"Ертіс" онлайн репортаж

06.03.2011, 21:05
"Тараз-"Ертіс" онлайн репортаж

"Тараз-"Ертіс" арасындағы кездесудің онлайн репортажын көруге шақырамыз! Тараз. Ауа-райы футбол ойнауға керемет ыңғай жасап тұрғандай.

Матчқа төрешілік ететіндер: Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Измайлов (Талдықорған), Құрбанов (Алматы) Қосалқы төреші: Абданбаев (Тараз) Инспектор: Никулин (Талдықорған)

1-тайм басталды.

1-мин. Кездесу әдеттегідей "Орталық" стадионда емес қосалқы "Труд" деп аталатын стадионда өтіп жатқанын айта кету керек.

10 мин. Жаңадан келген легионер ойыншыларға жанкүйерлер назар аударғаннан өзге аса қызықты ештеңе өрбіп жатқан жоқ.

15 мин. ГОООЛЛЛ! Дамир Мемишевия өз қақпасына гол соғып алды. "Ертіс" алда.

20 мин. "Тараз" командасы өз алаңының буымен алға ұмытылып көргілері келеді. Бірақ, әзірге барлығы тыныш.

30 мин. Талғат Байсуфинов алаң жиегінде.

40 мин. "Тараз" командасы жап-жақсы ойнағанымен де, "Ертіс" қорғанысын бұзып өте алмауда.

1-тайм қонақтардың пайдасында.

2-тайм басталды.

45 мин. Екінші кезеңде алаң иелері қалайда қонақтар қақпасының кілтін табуды көздестіреді.

50 мин. Чемпионат басында ойыншылар бір-бірлерімен түсіністіктері мықты бола қоймайтыны рас. Соның көріністері алаңда көрініс табуда.

55 мин. Жылдамдық сәл төмендеді. Ойыншылар алғашқы қарқындарынан тайя бастады.

60 мин. "Тараз" шабуылдап бағуда.

65 мин. Ойыншылар шаршаңқы. Бірақ трибунадағы көрермендер одан көбірек күтуде.

70 мин. Төреші сонғы минуттарда сары кағазды қалтасынан онды-солды шығаруда.

75 мин.  "Тараздың" 3-4 мәрте 20-25 метр қашықтықтан бағыттаған айып доптары нысанаға даритын түрі жоқ.

80 мин. Қонақтар сапынан қақпашының керемет өнерін атап өтпеске болмас.

85 мин. Дамир Мемишевич пен сенегалдық Диакатеден жанкүйерлер көп нәрсе күткен еді.

90 мин. "Тараз" 0:1 есебімен жеңілуге мәжбүр. Ойын аяқталды.

Репортажды жүргізген - Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×