«Злотий». Бұл не сөз өзі, нені білдіреді деп ойлап тұрған шығарсыздар? Мағынасы мынадай, бұл Польша ұлттық ақша бірлігінң атауы. Бұл атуды бір ойынның өзінде қаһарман атанып, ұлт мақтанышына айналған Польша ұланы Робер Левандовскиге теңеу. ЧЛ-да «Реал» клубына жауапсыз 4 гол салу деген оңай емес екені баршаға белгілі. Осыған дейін танылып келген жас ойыншы «Реал» қапқпасына 4 гол соққан соң бірден атағы жер жарды. Бұған дейін Роберттің ойыны, өмірі ешкімге қызық болмаған. Сол себепті бүгін назарларыңызға Левандовскидің футболшылық карерасындағы маңызды 10 жайтты ұсынамыз.
Роберт Левандовски спортшылар отбасында дүниеге келген. Оның әкесі – Кшиштоф дзюдо мен профессионал түрде жаттығып, уақытында Польша чемпионы атығын жеңіп алған. Анасы және сіңлісі Волейболға көңіл бөлген.
- Төртінші дивизион, «Знич» ФК, 250 евро көлемінде айлық жалақы. Роберт Левандовскидің үлкен футболдағы алғашқы қадамына куә болған Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Радослав Маевски сол күндерді былай еске алады: «Оның бірінші жаттығуға қалай келгені жақсы есімде. Роберттің жүгіруінде қандай да бір өзгешелік бар еді» «Знич» клубының сол кездегі бас жаттықтырушысы Михал Херман бұл пікірді былай түсіндіреді: «Роберттің бір аяғы екіншісінен сәл қысқа, сол себепті ақсақтанып жүретін еді. Сөтіп жүріп көп күлкінің астында қалатын. Алғашқы жаттығуда 5 мүмкіндіктің біреуінде пайдалана алмайтын. Бірақ ол өз мақсатына жетпегенше жаттығуды тоқтатпайтын еді».
- Роберт Левандовски – қосалқы құрам ойыншысы. Қазір бұлай ойлау мүмкін емес. Бірақ, футболшының Германиядағы карерасы дәл осылай басталды. Жолы болған күндері шабуылшы 10-15 минут ғана алаңға түсетін. Лукас Барриостей жетекші шабуылшымен бірге ойнау оған ыңғайсыз еді. Бірақ Барриос пен бәсекелесуге тез арада қажет болмай қалды. Лукас ауыр жарақат алған соң польшалық футболшы үлкен сахнаға шықты. Алғашқыда жасыл алаңда, сонансоң жанкүйерлердің өзіне деген мейірімін оятты.
- 4. Левандовски «Боруссия» сапындағы алғашқы голын «Рур дербисі» де тойлады. 2010 жылдың 19 қыркүйегінің кешінде «Дортмундт» «Фелтинс Арена» да «Шальке-04» ті «парша-паршасын» шығарды. Бұған дейін «Қара-сарылар» 5 жыл ішінде бұл алаңда жеңіс не екенін білмей келген еді.
- 5. Бәріне ұқсайтын және ешкміге ұқсамайтын. Роберт өзінің жасыл алаңда және клубтағы маңыздылықты шамалап көруге ешқашан уақыт таппаған. Бұл жұмысты басқалар амалға асыратын. Польшалық легонерді соңғы 5 жыл ішінде бундеслигада түрлі дәрежеде нұр шашқан жұлдыздарға теңеп көрді. Мәлім болуынша ол сияқты жылдам, ақылды және өткір шабуылшылар көп емес екен.
- Левандоскидің өз еліндегі атағы әжептәуір еді. Оны ұлт мақтанышы ретінде көкке көтеруші еді. «Боруссия» Д. сапындағы әр түрлі суреттері журнал мұқабаларына әр дайым рең беріп тұратын. Оның карерасы мен жеке өмірі жайлы жазу әр бір газет үшін парыз еді. Соңғы 2 жыл ішінде Варшавадағы перзентханаларда өмірге келген сәбилерге қойылап жатқан есімдердің арасында ең көбі Роберт. Бір спортшы айналасындағы бұндай жағдайлар Польша 30 жылдан соң енді қайталанып тұр. Соңғы рет бұндай құрметке Збегнев Бонек ие болған.
- Польша ұлтты құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Франтишек Смуда атына сын: «Мен Евро-2012 аясында және турнир кезінде арыз қылуды жөн көрмедім. Бірақ, құраманың Австриядағы оқу-жаттығу жиынында шамадан тыс қинап жіберді. Тіпті клубтарда да маусым арасындағы жаттығу бұндай ауыр өтпейді. Ресей мен өткізген ойын кезінде керемет жағдай орын алды. Яғни жаттықтырушы соңғы уақыттарда тактиканы бүкілін өзгертіп жіберді. Өз үйімізде болып өткен турнирде бұншалық нәтижесіз ойнағанымызға бірінші жаттықтырушы кінәлі, деп ойлаймын». Левандовски көңіліне келген сөзді еш жерде жасырып қалмай тіке айта салады. Бірақ бұндай әдеттер оған кедергі келтіруі ғажап емес. Ал, қазірше бәрі ойдағыдай.
- Роберт Левандовски – УЕФА-ның таңдауы бойынша бундеслиганың 2011/2012 жылдардың ең үздік футболшысы. Негізі бұндай құрметке сұрмерген футболшылар лайық көрінетін. Бірақ өткен маусымда Роберт көп көзге түскен жоқ. Солай болсада ойындарда керемет әрекеттері мен көзге түсе білді. Дұрыс, маусымда Марио Гомес және Хунтелар одан озып кетті. Бірақ, Роберт әріптестері арман қылатын гол соқты. Бұл чемпиондықты белгілеген гол еді.
- Германия кубогы – 2012 финалындағы «Хет-трик». Сол ойынға дейін «Бавария» ешқашан 5 рет ойынды алаңның ортасынан бастамаған. Тіпті өте жаман спорт формасында болған кезде де Мюнхен суперклубы бұндай нәтиже көрсетпейтін. Барлығы 2012 жылдың 12 Мамыр кешінде орын алған. Роберт Левандовски Мануэль Нойерді 3 рет қапы қалдырды. «Дортмунд» болса өз тарихындағы қымбатты жеңіске жетіп (5:2), мемлекет кубогын басынан жоғары көтерді.
- Жазда Левандовски өзінің Дортмундттағы үшінші жылын тойлады. Әрине басқа клубқа ауысып кетпесе. Осы қысқа уақыт ішінде футболшының бағасы 4,5 есе қымбаттады. Бірақ, бұл жағдай не «Бавария» не «МЮ» ді шошытып жатқан жоқ.
Левандовски жалғыз!
ЧЛ-ның тарихында осы күнге дейін жартылай финалдың бір ойынын да 4 гол соғыу ешкімге нәсіп етпеген. Демек, польшалық шабуылшы ең алғашқы футболшыға айналды. Негізінде, Роберт ЧЛ-ның негізі раундттарында «покер» немесе «флэш» жасаған футболшылар арасында 10-шы болып тіркелді.