ВИКТОР КУМЫКОВ: ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ БЕЛАРУСЬ БІРІНШІЛІГІНЕН КЕМ ТҮСПЕЙДІ

16.07.2013, 16:26
ВИКТОР КУМЫКОВ: ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ БЕЛАРУСЬ БІРІНШІЛІГІНЕН КЕМ ТҮСПЕЙДІ

кумыков

 - Бізді өте ауыр ойын күтіп тұр. «БАТЭ»-нің еурокубоктардағы соңғы жылдардағы нәтижесі жаман емес. Ал салыстырмалы түрде біздің тәжірибеміз аздау. «БАТЭ»-ге қарсы жақсы ойнағымыз келеді.

 Беларус тілшілерінің сұрағы. «Қайратпен» болған кездесуде негізгі құрам ойыншылары алаңға шықпады. «Қайрат» командасының басшылығы не себептен ойынды бір күн бұрын өткізуге мүмкіндік бермеді?

- Біз негізгі құраммен «Тобылға» қарсы ойнадық. Алматыдағы ойынға негізгі құрамда ойнайтын жеті ойыншымыз бармады. Алаңға жас аяқдошылар шықты. Олардың біразы Борисовте ойнайды. Ал «Қайраттың» біздің өтінішімізді не себептен қабыл алмауын түсіне алмадым.  

 «Қайратпен» болған кездесуде қандай ойыншыларды ерекше атар едіңіз? Олардың кейбіреулері «БАТЭ»-ге қарсы алаңға шыға ма?

Ешкімді бөліп жарғым келмейді. Ойыншыларға кейбір жерде тәжірибе жетіспей жатса, кейбірінде бір-бірін түсінісе алмай жатты. Бірақ араларында «БАТЭ»-ге қарсы шығатын ойыншылар бар.

Сіздермен клуб басшылығы кездесті ме? Жалпы клуб алдында жекелеген бір мақсаттар қойылды ма?

Клуб пен облыс басшылықтары бізбен кездесті. Олар бізді шығарып салды. Әрине әр команда келесі кезеңге өткісі келеді. Алайда бізге ешкім келесі кезеңге өтіңдер деген нақты тапсырма берген жоқ. Өйткені «БАТЭ» бізге қарағанда өте тәжірибелі ұжым болып табылады.

Осы кездесуге дайындалу барысында «БАТЭ»-нің шәкірті Игорь Зеньковичтен ақыл кеңестер сұрадыңыз ба?

Мен Зеньковичке бірде бір сұрақ қоймадым осыған қатысты. Қазір ХХІ ғасыр ғой. Бізге қажетті ақпаратты интернет арқылы аламыз. Оның үстіне Игорь Қазақстанда доп теуіп жүргеніне екі жыл болды.

Зенькович пен Фомичев Беларусьте дұрыс өнер көрсете алмады. Керісінше Қазақстан чемпионатында әжептәуір доп теуіп жүр. Демек Қазақстан біріншілігі Беларусь чемпионатынан мықты деген сөз бе?

Олар Беларусьте ойнағанда жас еді. Ал қазір өсіп жетілген жігіттер бізде жап-жақсы-ақ ойнап жүр. Қарап отырсақ, Қазақстан премьер-лигасы Беларусь біріншілігінен кем түспейді деп ойлаймын. Алайда екі елдің ең мықты командасы «БАТЭ» деп нық сеніммен айта аламын.

Командада жарақат алған ойыншылар бар ма?

Жарақат алғандар жоқ, бірақ Казарян алаңға шықпайды. Ол «қызылшамен» ауырып қалды. Қарағандыдағы ойында бізге көмектеседі деп ойлаймын. Біз ол футболшыны арнайы донецкілік «Металлургтен» шақырып алдық. Ол Армения ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×