"Барса" нокдаунда

27.11.2011, 23:05
"Барса" нокдаунда
Мадридтік дербиде «Реал» ұпай жоғалта ма деп жүрсек, қызықтың көкесі «Барса» жақта бопты. «Хетафе» каталондықтарға өз алаңында мықты қарсылық танытты. Әсіресе қақпа алдында жиналып Гвардиола «армиясының» қоршауында қалғанда, бейне бір, қамалын жаудан қорғап жатқан жауынгерлерді елестетті. «Барселона» сол ойынын көрсетті. Допты олай да былай да жүгіртеді, бірақ қауіпті сәттер ұйымдастырып гол соғуды ұмытып кеткендей. «Хетафе» ара-арасында қарсы шабуылдарға көшіп тұрды. Бірақ әрекеттері тым мардымсыз. Тіпті, «шабуыл» деген сипат лайық па?» деген сұрақ туындайды. Сондай «сүйретілген» бір шабуыл бұрыштамаға ұласып оны Валера голға айландырды. «Барселона» енді ес жиып, есе қайтаруға күш салама деп отыр едік. Ондайдың белгісі де болмады. Тек соңғы сәтте жүз пайыздық гол соғу мүмкіншілігі туып еді, орындау ақсады. Дегенмен, «Барселона» үшін бұл жеңіліс орынды. Каталондықтар тым жайбарақаттанып кеткен сәт еді бұл. Алдындағы қарсыласына төбеден қарағандары үшін ортаңқол командадан орынды таяқ жеді. Қарсылас қай деңгейде болса да ойынға тыңғылықты дайындықпен келген жөн. Орыстар ондайларды «пижон» деуші ма еді? Еске салайын, бұл «Барселонаның» маусымдағы алғашқы рет жеңіліс табуы. Енді олар «Реалдан» 6 ұпайға қалып келеді. «Хетафе» қорғанысы керемет ойын үлгісін көрсетті. Қарсыласын аяқ-қолынан байлап ес жидырмауы соған дәлел. Бірақ ең бастысы гол соғуы емес пе. Матчтың үздік ойыншысы Диас ортада өте бәйек қимылдап бірде-бір допты ұтылмады. Олжас НҰРАЗХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Тевес «Миланда»?
Серіктес жаңалықтары
×