Тевес «Миланда»?

27.11.2011, 22:25
Тевес «Миланда»?

«Манчестер Сити-дің» атышулы шыбуылшысы Карлос Тевестің жеке агенті Киа Джурабчана «Милан» президенті Адриано Галлиани мен  россонеридің спорт директоры Ариедо Брайдоймен кездесу өткізді. Екіжақты келіссөз барысында Тевестің «Миланға» жалдану мәселесі тілге тиек етілді.

 

Италияндық БАҚ өкілдерінің мәлімі бойынша, «Милан» аргентиналық ойыншыны  5 млн. €-ға жалдамақшы. Сонымен қатар, италиандық клуб басшылығы Тевестің бүгінгі таңдағы жалақысын тым жоғары деп есептейтіні жөнінде пікір білдірді. Сондықтан бұл жөніндегі мәселе әлі «Манчестер Сити» басшылығымен біріге де талқыланады. 

 

«Миланның» бұрынғы қорғаушысы Алессандро Костакурта Тевестің көшуіне байланысты өз ойын айтты: «Карлос Тевес Кассаноның орнына тамаша жараса кетер еді. Менің  ұққаным - бұл жігіт қосалқылар орындығында кішкене отырып қалса пәле шығарады екен. Ал мұнда қанша форворд барын ескерер болсақ, өткендегі оқиға «Миланда» да қайталануы әбден ықтимал» - Football Italia. Тевес «Миланда»? Фантастикаға жатқызу қиын. Бәрі мүмкін...

Олжас НҰРАЗХАН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
"Барса" нокдаунда
Серіктес жаңалықтары
×