Барсаның дәуірі бітті ме?

17.04.2014, 22:41
Барсаның дәуірі бітті ме?

Кеше Валенсия қаласындағы "Месталья" стадионында Испания кубогының финалы болып өтті. "Реал" "Барсаны" 2-1 есебімен ұтты. Голдардың авторы Ди Мария мен Бэйл. Кеше "Реал" Мадрид Криштианусыз да мықты ойнау алатынын көрсетті. Жалпы, Криштианусыз емес те "Барсаға" қарсы қалай ойнаудың керектігін көрсетті. 5 - 5 - тен 10 адамды 2 қатарға тізіп қойып, қапталдағы жылдам футболшылар арқылы қарымта шабуылдар ұйымдастырды. Осының алдында "Атлетико" Мадрид те тура осылай қимылдаған еді. 1-0 есебімен "Барсаны" жеңген "Гранаданың" да ойыны осы болған. Жалпы, сонау Моуриньоның "Интермен", Ди Маттеоның "Челсимен" "Барсаны" қалай жеңгенін білерсіздер.

Тура сол ойын. Шығар, қорытынды біреу. Бұлай "Барсаға" нан жоқ. Ойын стилін өзгерту керек. Елдің барлығы ендігі біліп алған, "Барсаға" қарсы айып алаңында 10 адамнан тұратын автобус қойып қоюды.

2 жыл бойы трансферсіз қалған каталондықтардың жағдайы тіпті нашарламақ. Бармен базар жасайды енді, әрине. Примерадағы жағдай қиындау. ЛЧдан команда шығып қалды, Испан кубогы негізгі қарсыласқа берілді. Бұл "Барсаның" соңғы 5 жылдағы ең сәтсіз маусымы. Команданың көптеген жанкүйерлері қазір өзге командаларға ауысуға белді бекем буған. Жанкүйерлер де жалыққан секілді, күнделікті бір ойыннан. Ал күнделікті бір ойынды қазір оқып тастап жатса, тіпті көруге сұрықсыз болады екен. Бірақ, Барсафандарға айтарымыз сенімнен айырылмаңыздар, сеніңіздер, барлығы түбі жақсы болып, қайтадан орнына келеді деп иланыңыздар. Нағыз жанкүйерлер командамен қалары анық әрине. Ал жеңіл жүрістілер өзге командаға өтері хақ.

Қазір, екінші бір "Барса" шыққан. "Бавария" деген қызыл мәшине. Бірақ, оның ойыны дәл "Барсаныкіндей" емес.  Бірақ, кезінде Райкард жасаған тактиканы үйреніп алған бапкер біреу. Пеп Гвардиола "Баварияны" да сол маңға жақындатуда. Бірақ, бір жақсысы бұл ұжымда қос қапталдан тескілейтін 2 мықты футболшы бар. Рибери мен Роббен. Егер допты көп ұстап, уақытты созып, ойынды тура "Барсадай" ұстаса - "Реалдан" ұтылғаны ұтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×