“Барселона” 2020 жылғы құрам ойыншыларының кейінге шегерілген жалақыларын толық төледі

29.06.2025, 20:00

"Барселона" 2020 жылғы пандемия кезіндегі қаржылық қиындықтарға байланысты сол кездегі құрам ойыншыларына төлей алмай, кейінге шегерілген жалақыларын толық өтеді.

“Барселона” 2020 жылғы құрам ойыншыларының кейінге шегерілген жалақыларын толық төледі

2020 жылы COVID-19 пандемиясының салдарынан футбол лигалары уақытша тоқтап, клубтардың кірісі күрт азайған. Сол кезде "Барселона” ойыншыларынан қаржылық қысымды азайту мақсатында жалақыларының белгілі бір бөлігін кейінге қалдыруға келісім алған болатын.

Ең көп жалақысын кейінге қалдырған ойыншы — Лионель Месси. Месси жалпы 47,6 миллион еуро көлеміндегі жалақысын кейінге қалдырған. Оның ішінде 5,96 миллион еуро көлеміндегі сома әлі төленбеген болатын.

Бұл қалдық сома осы апта ішінде толық төленеді, осылайша клуб Месси алдындағы барлық қарызын жабады.

Sport басылымының хабарлауынша, бұл оқиға клубтың қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұрынғы басшылық кезінде жиналған көптеген қарыздар мен міндеттемелер қазіргі уақытта белсенді түрде шешіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×