
Бірінші лигада топ бастап келе жатқан ақтаулықтар трансферлік кезеңде құрамын одан әрі күшейтуге тырысып жатыр.
Премьер-лигаға шығуға ұмтылатын «Каспий» маусымның екінші бөлігіне қызу дайындықты қазірден бастап кетті. Клуб қазірдің өзінде Премьер-лигада «Атырау» намысын қорғап келген 27 жастағы шабуылшы Едіге Оралбайды өз қатарына қосты. Футболшы биылғы маусымда ел чемпионатында 12 ойынға қатысып, команданың жалғыз жеңісіне үлес қосқан. Ол 1 наурыз күні «Елімайға» қарсы матчта (2:1) 1 гол салды.
Едіге бұған дейін «Ақжайық», «Жетісу», «Мақтараарал», «Қыран» сынды командаларда өнер көрсетіп үлгерген.
Біздің серіктес: FONBET