
“Барселона” УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы матчында “Боруссия Дортмундты” 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға шығуға тамаша мүмкіндікке ие болды. Бұл матч Эстади Олимпик Льюис Компанис стадионында өтті.
25-минутта: Рафинья Пао Кубарсидің пасынан кейін есепті ашып, “Барселонаны” алға шығарды.
48-минутта Роберт Левандовски Рафиньяның ассистімен баспен гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
66-минутта Левандовски команда шабуылын шебер аяқтап, дубль жасады.
77-минутта Ламине Ямал жылдам қарсы шабуыл нәтижесінде төртінші голды салып, ойынның нүктесін қойды.
Левандовски бұрынғы командасына қарсы дубль жасап, тағы да өзінің гол соғу шеберлігін дәлелдеді. Бұл жеңіс “Барселонаның” 2025 жылғы барлық жарыстардағы жеңіліссіз сериясын 23 матчқа жеткізді.
“Боруссияның” қорғанысы “Барселонаның” шабуылдағы үштігі – Левандовски, Рафинья және Ямалға қарсы төтеп бере алмады. Бұл ойыншылар маусым бойы команданың гол соғу көрсеткішіне елеулі үлес қосып келеді.
Қарымта матч Германияда өтеді, онда “Боруссия Дортмунд” төрт гол айырмасын жойып, Чемпиондар лигасындағы үмітін сақтап қалуға тырысады.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET