«Барселона» Ансу Фатидің орнын басатын ойыншы тапты

11.11.2020, 01:34
Куман талантты ойыншыға мүмкіндік беріп көрмек.
«Барселона» Ансу Фатидің орнын басатын ойыншы тапты

"Барселона" үш айдан бес айға дейін алаңға шықпауы мүмкін 18 жасар шабуылшы Ансу Фатидің орнын басатын футболшы тапты.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, жас испаниялықты екінші команданың 19 жастағы шабуылшысы Конрад де ла Фуэнте алмастыруы мүмкін. Америкалық футболшы клуб академиясына 2013 жылы қосылып, "Барселона Б" командасында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Де ла Фуэнте АҚШ U16 және U18 командаларында ойнады, енді U20 комсндасына шақырту алды.

Америкалық шабуылшы қазіргі кезде негізгі құраммен жүйелі түрде жаттығып жүр. Дереккөздің хабарлауынша, "Барселонаның" бас бапкері Рональд Куманды оның ойыны таңқалдырған, сондықтан Фатидің болмауы оған көп мүмкіндіктер беруі мүмкін.

Ансу Фати Испания чемпионатының 9-шы турында "Бетиспен" өткен матчта (5:2) сол жақ тізесін жарақаттап алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×