Роналду мансабын ПСЖ-да жалғастыруы мүмкін

11.11.2020, 00:53
Туриндік клуб Роналдуды осы жазда сатуды жоспарлап отыр.
Роналду мансабын ПСЖ-да жалғастыруы мүмкін

"Пари Сен-Жерменнің" спорттық директоры Леонардо клуб "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдуды сатып алуы мүмкін екенін мойындады.

"Қазіргі футболда кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Мүмкін ертең Криштиану Роналду басқа жерде ойнағым келеді деген оймен оянатын шығар. Оны кім сатып алуы мүмкін? Өтініш берушілер көп емес, бірақ ПСЖ осы тізімнің ішінде бар. Нақты мүмкіндік туындаса біз тырысып көреміз", - деді Леонардо клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Ювентус" шабуылшыны сатуға ниетті, өйткені 35 жастағы португалиялық футболшының жалақысы дағдарыс кезінде клубтың бюджетіне зиянын тигізуде. А сериясының биылғы маусымында Роналду төрт кездесуге қатысып, алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Шабуылшының "Ювентуспен" келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Transfermarkt Роналдудың құнын 60 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×