«Тоттенхэм» Гарет Бэйлді сатып алғысы келеді

10.11.2020, 21:22
«Тоттенхэм» Бэйл үшін азын-аулақ ақша ұсынды.
«Тоттенхэм» Гарет Бэйлді сатып алғысы келеді

"Тоттенхэм" клубы шабуылшы Гарет Бэйлді "Реалдан" сатып алмақшы, деп хабарлайды Calciomercato.com.

Дереккөздің хабарлауынша, "Тоттенхэм" уэльстік футболшының ойынына дән риза және трансфер үшін 15 миллион еуро ұсынуға дайын. Бұл трансфер коронавирус пандемиясындағы дағдарыс кезеңінде "Реал Мадридтің" жалақыға бөлінетін ақшасын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

31 жастағы Бэйл 2020 жылдың 19 қыркүйегінде корольдік клубтан "Тоттенхэмге" қайта оралған болатын. Мәмілеге сәйкес, "Тоттенхэм" жалға алғаны үшін 9,8 миллион еуро төлесе, "Реал" футболшының апталық жалақысын (415 000 еуро) төлей береді.

Бэйл Мадридтік клубқа 2013 жылдың жазында "Тоттенхэмнен" ауысқан еді. Трансфер сомасы 101 миллион еуроны құрады. Гарет осы маусымда үш рет алаңға шығып, бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×