Испания жаңа жыл басталысымен әлемдік деңгейдегі матчтарды ұсынуда. Испан кубогіндегі мадридтік дербиден кейін, бүгін "Камп Ноуда" "Барселона" мен "Атлетико Мадрид" күш сынаспақ. Қызығы сол, екі команданың да ұпай саны тең. Бұл жағдай да матчтың барысына әсер ететіні белгілі. Матч көптеген сұрақтарға жауап бермек.
Болжаушылар католондықтарды матч фавориті санайды. Әрине, олар өз алаңында ойнайтындықтан солай болып тұр. Бірақ, "блауграна" соншалықты мықты ма? Жоқ, менің мен ойын өрнегі жайлы айтпаймын. Басты мәселе, "Барселона" кабинеттеріндегі жанжалы. Испандық басылымдар Мессидің наразылығы жайлы ізбе-із жазып жатыр. Месси командадағы жағдайға риза емес, жаттықтырушымен арадағы жанжал команда басшылығын екеудің бірін таңдауға мәжбүрлеп отыр. Месси, әлде Энрике? Бірақ, команда проблемасы тек Мессидің төңірегіндегі жанжалмен ғана шектелмейтін секілді. Сан-Себастяндағы "Реал Сосьедадқа" қарсы ойында көп футболшылардың барын салып ойнамағанын байқадық. Қысқасы, "Барселонада" үлкен жанжал туғалы тұр. Істің аяғы немен бітсе де, түбінде зиян шегетін "Барсаның" өзі ғана. Ал, зиян шекпес үшін "Барселона" футболшыларына бірлік керек. Барселонаның өзі команда, бірлігі бекем отбасы болуды қалай ма, қаламай ма, тек бүгінгі ойын ғана көрсетіп бермек.
Мадридтіктер осы жылды сәтті бастады. Әуелі чеспионатта "Левантені" жеңіп, "Барсаны" қуып жетті. Кейін, Испан кубогінде мадридтік дербиде басты жауларын жартылай негізгі құраммен жеңді. Кейде, тіпті Симоне командасы екінші құраммен де кез келген топ-клубты тізе бүктіретіндей көрінеді. Бүгін де, "матрасниктер: "Камп Ноуға" жеңіс үшін келетіні белгілі. Олар өзгенің осал тұсын жақсы пайдалана біледі. Сондықтан да, "Атлетико" бүгін жеңеді деуге де әбден сенуге болады.
Статистикаға сүйенсек, соңғы 6 ойын бойы "Барсаны" "Атлетиконы" жеңе алмапты. Бірақ, футболды статистика ойнамайтының білеміз. Бүгін жеке ойын, жеке текетірес.
Болжамды құрам:
Барселона:
Браво-Алвес, Маскерано, Пике, Альба-Бускетс, Ракитич, Иньеста-Неймар, Месси, Суарес
Атлетико Мадрид:
Мойя-Сикера, Годин, Хименес, Хуанфран-Габи, Коке, Тьяго, Туран, Гризманн-Манджукич
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ