"Барселона" жаттықтырушысы кім болатынын тағы да Месси шеше ме?

11.01.2015, 04:20
"Барселона" жаттықтырушысы кім болатынын тағы да Месси шеше ме?
Әлемде бірде-бір клубта дәл "Барселонадағы" секілді бір ойыншының сөзі заң болмаса керек-ті. Кезінде Тато Мартиноның "блауграна" тізгініне келуіне ең басты себепкер Лионель Месси болған еді. Өмірі, Еуропа футболының қандай боларын ұқпаған, жұмыс бабымен ешқашан мұхиттан асып кетпеген Тато қалайша аяқ астынан "кәрі құрлықтың" ең белді клубтарының біріне шақырту алды? Әрине, кімнің ұсынысымен келгенін білеміз. Бүгінде клуб кеңсесінде тағы да сондай жағдай қайталанып жатқан секілді. Аргентиналық футболшы Барселона президенті Жозеп Бертомеумен болған кездесуінде Франк Райкардты командаға қайтару жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Естеріңізге сала кетсек, Месси мен Энрике арасында жанжал туды деген қауесет тараған болатын. Өзінің атақ даңқын пайдаланып, Месси Луис Энрикені "Барсадан аластатпақшы". Католонияның ақпарат құралдарына сеңсек, Энрике Атлетикоға қарсы матчтан кейін кетеді екен.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×