“Барселона”& Бузакка – “Арсенал” 3:1. “Шахтер” ерледі!

09.03.2011, 17:25
“Барселона”& Бузакка – “Арсенал” 3:1. “Шахтер” ерледі!

«Барселонасыз» Чемпиондар лигасының сәні жоқ. Бұл сөзбен келісерсіз. Каталониялық команда 2005 жылдан бері топтан шығып, 1/8 финалдан сүрінбей өткен «Барселона» биылда лиганың шыңына шығуды жоспарлайды. Финалға дейінгі финал ретінде баланған бүгінгі ойында «Барселона» барын салды. Жұрттың біразы төреші Бузаккаға бұртиды. «Барселонаға» бүйргені бұрды деп бұл жігіттің. Бірақ нағыз алаңдағы спектакльды көрмеген жанкүйерлерге жаным ашиды. Бұл ойынды көрмеу футбол сүйер қауым үшін кешірілмес жайт. Алматы төріндегі футбол-бардың біріне барып көрдік матчты. Халық қырғын. Екі бөлінген жұрт. Бардың ішінде құлақ тұнар шу. Нағыз футбол мерекесі. Не керек, арманға айналған ойынның хоникасына бір сәт шолу жасасақ. Бірінші таймда біраз уақыт босқа кетті. Осыған байланысты төреші ойынның алғашқы бөлігіне бес минут уақыт қосты. Сол қосымша уақытты пайдаланған Иньеста Мессиге айып алаңының алдында ұтымды пас шығарып берді. Қорғаушы Йохан Джуруды алдап өткен Месси Альмуния қақпасынан саңылау тапты. Айтпақшы ойын басында «Арсеналдың» негізгі қақпашысы Войцех Щесны жарақат алып (саусағының буыны шығып кетсе керек), Альмунияға орнын босатты. Екінші тайм бастала сала «Барселоналық» Бускетс өз қақпасына гол соғып алды. Бұрыштан доп шығарған Насридың пасына Фабрегас пен Диаби жетер жетпестен Бускетс аяғын қоя қойды. Бускетстің басына тиіп қақпаға сүңгіген доп «Арсеналға» үміт сыйлап еді. Алайда Хави мен Месси екі гол салып, «Барселонаны» ширек финалдың шетіне іліктірді. Хави Ойынның 56 минутында Ван Перси екінші сары қағаз алуына байланысты алаңнан қуылғанын айта кетейік. Осы жайт, «Арсеналдың» бар үмітін жерлегендей. Арсен Венгер қалайда бір гол салудың қамымен алаңға Аршавинды шығарды. Бірақ бұл тәуекелден түк шықпады. «Барселона» дегеніне жетті. Мына қызықты қараңыз, «Арсенал» ойын барысында «Барселона» қақпасына бірде бір рет тура соққы жасамаған. Бірақ бір гол соғып үлгерді. Матчтан кейін әлі гу гу әңгіме орын алары сөзсіз. Барлығы ойынның нәтижесіне төрешіні кінәлар. Бірақ каталониялықтар дегеніне жетті. “Барселона” (Испания) – “Арсенал” (Англия) – 3:1 (1:0) Голдар: Месси, 45+3 (1:0). Серхио Бускетс – 53, автогол (1:1). Хави, 69 (2:1). Месси, 71 – пенальти (3:1). “Барселона”: Виктор Вальдес, Абидаль, Даниэл Алвес, Адриану (Максвелл, 90+1), Серхио Бускетс, Маскерано (Кейта, 89), Иньеста, Хави, Вилья (Афеллай, 82), Месси, Педро. “Арсенал”: Щесны (Альмуния, 19), Санья, Клиши, Косьельни, Диаби, Джуру, Росицки (АРШАВИН, 74), Насри, Фабрегас (Бендтнер, 78), Уилшер, Ван Перси. Ескертулер: Косьельни, 16. Санья, 29. Ван Перси, 45+2. Алаңнан қуылды: Ван Перси, 56. Төреші: Бузакка (Швейцария). Бірінші ойын – 1:2 «Шахтер» бүгін ерледі. «Романы» мазақ қылған украиналықтар римдіктердің қақпасына жауапсыз үш голды тоғытты. Бұл ойынның нағыз қаһармандары – Виллиан мен Срна. “Шахтер” (Украина) – “Рома” (Италия) – 3:0 (1:0) Голдар: Гюбшман, 18 (1:0). Виллиан, 58 (2:0). Эдуарду да Силва, 87 (3:0). Пенальти соға алмады: Боррьелло, 28 (қақпашы). “Шахтер”: Пятов, Гюбшман, Рац, Чигринский, Ракицкий, “Жадсон”, Виллиан, Дуглас Коста (Эдуарду да Силва, 60), Мхитарян (Алекс Тейшейра, 67), Срна, Луиз Адриану (Марсело Морено, 75). “Рома”: Дони, Жуан, Мексес, Риисе, Бурдиссо, Писарро, Таддеи (Рози, 46), Де Росси, Перротта (Капрари, 86), Вучинич (Бриги, 65), Боррьелло. Ескертулер: Мексес, 24. Мхитарян, 28. Срна, 45+5. Писарро, 57. Перротта, 65. Риисе, 82. Алаңнан қуылды: Мексес, 41. Төреші: Уэбб (Англия). Бірінші ойын– 3:2

аламан.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×