«Барселона» «Челси» мен Дания құрамасының қорғаушысы Андреас Кристенсенді жақын арада қатарына қосады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Каталондық клуб Кристенсенге бес жылдық келісім-шарт ұсынған екен. Қазір құжатқа қатысты соңғы мәселелер шешілуде.
Даниялық футболшы «Бавария» мен дортмундтық «Боруссияның» ұсынысынан бас тартты және «Челсимен» келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Кристенсен лондондық клубқа құрмет көрсету мақсатында Англия Премьер-лигасынан түскен ұсыныстардың ешқайсысын қабылдағысы келмеді.
Бұл трансферді аяқтаған соң, «Барселона» жазда еркін агент атанатын Фрэнк Кессье, Нуссаир Мазрауи және Сезар Аспиликуэтаны қатарға қосу үшін жұмыс істемек.
Біздің серіктес: FONBET