Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасында дебют жасады

08.03.2022, 15:52
Қорғаушы алаңға қосалқы құрамнан шықты.
Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасында дебют жасады

Санкт-Петербургтік «Зенит» Ресей Премьер-лигасының 20-турында «Уфаны» 2:0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп матчты қосалқы құрамнан бастап, 78-минутта Венделдің орнына алаңға шықты. Бұл оның Ресей Премьер-лигасында дебюттік ойыны болы.

SofaScore аналитикалық порталы Әліптің бұл матчтағы әрекетін 7,0 ұпаймен бағалады.

20 турдан кейін «Зенит» 44 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Санкт-Петербургтік клуб келесі ойынын 13 наурызда сырт алаңда «Крылья Советовқа» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×