«Барселона» «Челсидің» қорғаушысымен толықты

08.03.2022, 16:09
Даниялық футболшы каталондық клубқа жазда еркін агент ретінде қосылады.
«Барселона» «Челсидің» қорғаушысымен толықты

«Барселона» «Челси» мен Дания құрамасының қорғаушысы Андреас Кристенсенді жақын арада қатарына қосады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Каталондық клуб Кристенсенге бес жылдық келісім-шарт ұсынған екен. Қазір құжатқа қатысты соңғы мәселелер шешілуде.

Даниялық футболшы «Бавария» мен дортмундтық «Боруссияның» ұсынысынан бас тартты және «Челсимен» келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Кристенсен лондондық клубқа құрмет көрсету мақсатында Англия Премьер-лигасынан түскен ұсыныстардың ешқайсысын қабылдағысы келмеді.

Бұл трансферді аяқтаған соң, «Барселона» жазда еркін агент атанатын Фрэнк Кессье, Нуссаир Мазрауи және Сезар Аспиликуэтаны қатарға қосу үшін жұмыс істемек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×