«Барселона» «Челсидің» қос футболшысына қызығушылық танытуда

24.11.2021, 19:18
Екі ойыншының да келісім-шарты 2025 жылға дейін есептелген.
«Барселона» «Челсидің» қос футболшысына қызығушылық танытуда

Лондондық «Челсидің» екі ойыншысы Хаким Зиеш пен Тимо Вернер «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ESPN.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клуб бар назарын «Манчестер Сити» ойыншысы Рахим Стерлингке аудармақ. Бірақ ойыншының трансферлік құнына байланысты бұл мәміленің жүзеге асуы екіталай.

Сондықтан «Барселона» «Челси» ойыншыларына көз тікті. Каталондық клуб бұл ойыншылар туралы толығырақ білу үшін «Челсиге» сұраныс жіберген екен. «Барселона» оларды осы қыста сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді.

Вернер осы маусымда 11 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ал Зиеш 12 ойынға қатысып, 3 гол мен 3 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Қос футболшының да келісім-шарты да 2025 жылдың жазында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×