Павлодарлық «Ақсу» бас бапкерді қызметінен босатты

24.11.2021, 22:07
Команданы чемпиондыққа жетелеген бұл маманның неліктен кеткені белгісіз.
Павлодарлық «Ақсу» бас бапкерді қызметінен босатты

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, Марат Еслямов басқаратын «Ақсу» клубының бапкерлер штабы қызметінен босатылды.

Мұндай шешімнің қабылдануына ненің түрткі болғаны әлі белгісіз.

2021 жылдың ақпан айынан бастап «Ақсуды» Марат Еслямов баптады. Сондай-ақ павлодарлық команданың жаттықтырушылар құрамында Виталий Вихлянов (бас бапкердің көмекшісі), Вадим Бутенко (қақпашылардың жаттықтырушысы) және Расул Маруа (физикалық дайындыққа жауапты маман) еңбек етті.

Бірінші лиганың осы маусымында «Ақсу» алтыннан алқа тағып, өзінің үш жылдық тарихында тұңғыш рет Премьер-лигаға жолдама алған болатын.

Айта кетейік, 19 қарашада «Ақсу» клубының директоры Жанат Камалиев қызметінен кетіп, орнына Әлихан Лесов тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×