Вагнер Лав: «Қазақстандық футбол сапалы дүниеге лайық деп есептеймін»

24.11.2021, 23:22
Ертең бразилиялық шабуылшы алматылық клубтағы соңғы матчын өткізеді.
Вагнер Лав: «Қазақстандық футбол сапалы дүниеге лайық деп есептеймін»

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав «Базельге» қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Қазақстанда ойнау барысында өзіңіз үшін басты сәт қандай болды?

- Мені «Қайрат» пен Қазақстанда жылы қабылдады. Мен үшін «Қайрат» жейдесін киіп, чемпиондық атаққа қол жеткізу өте жақсы әсер қалдырды. Мен әрқашан команда үшін барымды салуға тырыстым.

- Сіз 24 гол соқтыңыз. Соның ішіндегі өзіңізге ұнаған ең әдемі голды атай аласыз ба?

- Бірінші кезекте осынша гол соққаныма қуаныштымын. Ең маңызды голды біз чемпион болған кезде, «Ордабасы» қақпасына соқтым деп есептеймін.

- Сізді болашақта қайдан көреміз?

- Бапкерге жылы сөздері үшін алғыс айтқым келеді. Онымен жұмыс істеу мен үшін жағымды және қызықты болды. Ол футболды өте жақсы түсінеді және ойыншылар одан күн сайын жаңа нәрсе үйренуде. Егер Құрбан Бекиұлы қалатын болса, клубтың алға жылжитынына сенімдімін.

Иә, менімен бірнеше клуб байланысқа шықты. Әзірше Бразилияға оралып, балаларыммен және анаммен бірге болғым келеді. Сіздер мен туралы әлі еститін боласыздар. Тағы біраз футбол ойнасам деген ниетім бар.

- Қазақстан Премьер-лигасын қалай сипаттар едіңіз?

- Лиганың әлеуеті бар екенін көріп отырмын. Менің ойымша, Федерация көбірек ықпал етіп, инфрақұрылымды, алаңдарды жақсарту керек. Қазақстандық футбол сапалы дүниеге лайық деп есептеймін. 

- Бала кезіңізде кімге еліктедіңіз және «Копакабанда» ойнадыңыз ба?

- Мен ол жерде ешқашан ойнаған емеспін. Себебі менде ол жаққа баруға мүмкіндігім де, ақшам да болмады (күледі). Жай ғана көшеде жалаң аяқ ойнадым және Ромариоға еліктедім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×