«Челсидің» қорғаушысы Сезар Аспиликуэта осы жазда «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Фабрицио Романо.
Испаниялық футболшы каталондық клубпен екі жылдық келісім-шартқа отырады деп күтілуде. Соған сәйкес, ойыншының «Барселонадағы» жалақысы жылына шамамен 11 миллион еуроны құрамақ.
Қазір «Барселона» «Челсимен» трансфер сомасы туралы келіссөздер жүргізуде. Лондондықтар футболшы үшін 7 миллион фунт талап етуде.
Аспиликуэтаның «Челсимен» келісім-шарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда 32 жастағы испаниялық қорғаушы лондондық клуб сапында 47 ойынға қатысып, 3 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET