Олег Лотов: «Жігіттерге айтар шағымым жоқ»

10.07.2022, 17:32
«Таразбен» өткен ойынға «Тобылдың» жастар командасы қатысты
Олег Лотов: «Жігіттерге айтар шағымым жоқ»

«Тобыл Жастар» командасының бас бапкері Олег Лотов Қазақстан кубогі аясында «Таразға» қарсы өткен матч жайлы өз ойын ортаға салды:

- Біріншіден, тараздықтарды жеңісімен құттықтағым келеді. Өкінішке қарай, біздің ойыншылардың шеберлік деңгейі «Тараз» секілді командалармен тең дәрежеде ойнауға мүмкіндік бермейді. Бірақ біз жаттығуда пысықтаған футболды ойнауға тырыстық. Аз да болса қауіпті шабуылдар жасай алдық. «Тараз» ойыншыларының шеберлігі бізден жоғары екені айтпаса да түсінікті.

Ойынның соңында шаршап қалдық, біз үшін 70 минуттың өзі жеткілікті болды. Бірақ бұл жігіттерге пайдасын тигізуі керек, осындай ойындар арқылы өсуіміз қажет. Жалпы, жігіттерге айтар шағымы жоқ. Олар қолдарынан келгенін жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×