Нұркен Мазбаев: «Матч жоспардағыдай өтті»

10.07.2022, 17:24
Жамбылдық клуб келесі ойынын «Мақтааралға» қарсы өткізеді.
Нұркен Мазбаев: «Матч жоспардағыдай өтті»

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев «Тобылмен» болған кездесу (6:1) туралы пікір білдірді.

- Қарсылас команда сапында жастардың ойнайтынын білдік. Ойынның қорытынды нәтижесі де біз үшін оң боларына сенімді болдық. Соны ескере келе, чемпионат барысында ойын тәжірибесі аздау болып жүрген футболшыларды негізгі құрамға шығардық. Олардың қандай деңгейде, қалай ойын өрнегін көрсетерін байқап көруге тырыстық. Физикалық басымдықты емес, жекелеген шеберлікті сынап көргіміз келді. Жалпы айтқанда, матч жоспардағыдай өтті. Енді келесі «Мақтааралмен» болатын кездесуге дайындаламыз.

- Қарсылас команданың бастапқы құрамы белгілі болғанша күттіңіз бе? Ол қаншалықты әсер етеді?

- Жоқ, команда кеше ұшып келгенде бірыңғай жастар екені туралы сенімді ақпарат алдық. Ешқандай әсері болған жоқ. Бастысы кубоктік кездесудің алғашқы ойынын сәтті бастадық. Әрі қарай осы қарқында жалғастыру үшін жұмыс жасай береміз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×