«Барселона» «Интер» клубымен келіссөздер жүргізуде

23.08.2020, 18:18
«Интер» жас ойыншыны жібергісі келмей отыр.
«Барселона» «Интер» клубымен келіссөздер жүргізуде

Marca басылымының хабарлауынша, «Барселона» «Интер» клубымен шабуылшы Лаутаро Мартинестің ауысуы туралы ресми келіссөздерге кірісті.

23 жастағы аргентиналықтың италиялық клубпен келісімшартында шілде айының соңына дейін футболшының бағасы 111 миллион еуро болады деп көрсетілген еді. Испан клубы шабуылшының бағасын түсіруге ниетті. 

«Барселона» ойыншының бағасын төмендету үшін келісімге бір немесе бірнеше ойыншыны қосқысы келетіндігі хабарланған. Атап айтсақ, қазіргі таңда «Баварияда» жалда жүрген Филипе Коутиньо «Интер» сапына қосылуы мүмкін.  

Мартинес өткен маусымда Италия чемпионатының 35 ойынында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×