Навас негізгі құрамда болатын шығар

23.08.2020, 17:38
Томас Тухель таңертеңгі жаттығудан кейін белгілі болады деп айтты.
Навас негізгі құрамда болатын шығар

Дәл қазіргі уақытта Германияда ПСЖ клубы таңғы жаттығуыж жасап жатыр. Осы жаттығу алдында Томас Тухель Кейлар Навастың мәселесі шешіледі деді.

- Егер жаттығуды жақсы өткеріп, ешқандай ауыртпалық сезінбесе ол қақпаға тұрады. Яғни кешке матчқа дайындалады. Егер өзі қақпада тұра алмаймын десе, орнына Серхио Риконы шығарамыз. Сондықтан барлығы өзіне байланысты - деді ПСЖ бас бапкері.

Сонымен қатар, неміс маманы кешегі сұқбатында Наваспен көп ақылдасқанын айтты. Неймар мен Навас екеуі маған Чемпиондар лигасының финалдары туралы айтты. Олар кезінде осы жарысты жеңген футболшылар. Сондықтан, олардың ақылы командаға жақсы әсерін тигізеді. Естеріңізге сала кетсек Кейлор Навас 2019 жылы ғана финалға шықпады. Әйтпесе оның алдындағы үш жыл қатарынан Чемпиондар лигасын жеңді. Енді биыл тағы да финалға шығып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×