"Барселона" командасы "Аноэтада" он жыл бойы жеңіс тойын тойламады

20.01.2017, 05:13
"Барселона" командасы "Аноэтада" он жыл бойы жеңіс тойын тойламады
Бүгін Испанияның "Сан-Сенбастьян" қаласында, "Аноэта" стадионында керемет матч! Каталониялық "Барселона" қонақта  он жыл бойы айласын асыра алмай келе жатқан жергілікті "Реал Сосьедад" командасымен Испания кубогі аясында ойын өткізеді. Ең соңғы рет 2007 жылы "Аноэта" стадионында 0:2 есебі тіркеліп, каталониялықтар басым түскен еді. Содан бері екі команда дәл осы алаңда сегіз матч өткізген. Оның бесеуінде сан-себастиядықтар жеңіске жетсе,3 ойын тең есеппен аяқталған. Соңғы ойындарын ішкі чемпионаттарында қос команда сәтті аяқтады, жеңіске жетті. Екі ұжым үшін бүгін маңызды ойын, 10 жыл бойы жалғасқан сәтсіз сериясын "Барселона" тоқтатар ма екен?, әлде "Реал Сосьедад" өз алаңдарында тоғызыншы жеңіліссіз ойынын тойлайды ма?  Айта кетейік, бұл кубоктік матч Астана уақытымен 20-қаңтар сағат 2:15 те басталады. Ерік Ерсін
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×