«Барселона» Коутиньоны сатқысы келеді

27.12.2020, 23:35
Клуб басшылығы Коутиньомен президенттік сайлауға дейін қоштасуға ниетті
«Барселона» Коутиньоны сатқысы келеді

El Confidencial берген ақпараттарға сенсек, "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо трансферлік нарыққа қойылған.

Бұған себеп, клубтың қаржы қиындықтарына ұшырауы болып отыр. Оның үстіне, Коутиньоның өзі де бапкерлерді ойынымен тәнті қыла алмады.

"Барселонаның" президенті қызметін атқарушы Карлес Тускетс клубтың техникалық хатшысы Рамон Планеспен байланысқа шығып, бразилиялықты тезірек сату істеріне кірісіп кеткен. Тускетс ойыншыны 24 қаңтарда болатын президенттік сайлауға дейін сатуды қалайды. Дегенмен қазіргі таңда Коутиньоға ұсыныс білдіруші бірде-бір команда жоқ.

Филиппе Коутиньо Ла Лиганың ағымдағы маусымында 11 матчқа қатысып, 2 голдың авторы атанды, екі рет командаластарының көзге түсуіне мүмкіндік жасады.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×