Исламхан «Қайратқа» қайта оралмақ

28.12.2020, 00:39
Исламхан формасын сақтау үшін алматылық клубпен бірге жаттығады.
Исламхан «Қайратқа» қайта оралмақ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Қайраттың" құрамында дайындық жұмыстарын жасайтын болады, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет.

"Бауыржанның бұрынғы клубы "Қайрат" футболшыға қаңтар айында командамен жаттығу жасау туралы ұсыныс жасады. Исламхан дисквалификацияға байланысты өтініші сотта қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 24 желтоқсанда Исламханның допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілгені белгілі болды. Исламхан 18 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасындағы "Аль-Саддқа" қарсы матчтан кейін допинг-сынақтан өте алмады, нәтижесінде үкім шыққанға дейін кәсіби деңгейде ойнаудан шеттетілді.

Бұған дейін арабиялық БАҚ өкілдері егер қазақстандық қатаң жазаланса, "Аль-Айн" Исламханның орнына жаңа ойыншы іздейді деп хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×